
Астанада тентек суға тойып алып апатқа ұшыраған полицей қызметінен қуылды. Бұл туралы Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Осыған дейін әлеуметтік желіде қызметтік көлікпен жол апатына себеп болған полиция қызметкерін видеоға түсіріп таратып жіберген еді. Автор оның мас екенін айтады.
Астана қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, оған көлік құралын мас күйінде өткізгені үшін әкімшілік жаза тағайындалған.
Сондай-ақ осы бөлімшенің басшылығы да тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Жол-патрульдік полиция полкінің полиция қызметкері жұмысынан қуылды», — деп қорытындылады Астана қалалық Жол полициясы.