jasqazaq.kz

Ішіп алған полицей жол апатын жасады (видео)

25 желтоқсан 2018, 11:08

Жамбыл облысында полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізіп, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан жол апаты орын алып, «Ауди» маркалы көлікке соғылыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Желіде полиция қызметкерінің ішімдікке сылқия тойып алып, жол апатына себеп болған видеосы тарап кетті.

«Қара ана жаққа, адам өлсе не боласың? Тойып алған ғой мынау», – дейді кадр сыртындағы адамдар.

Оқиғадан кейін сол маңдағы куәгерлер полицейді телефонның камерасына түсіріп, жанталасумен болды. Ал тәртіп сақшысының өзі мас болғанын қарамастан, есін еміс-еміс білетін сияқты. Себебі өзін камераға түсіргендерге бетін көрсетпеуге тырысумен болды.

Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда апатқа себеп болған полиция қызметкері оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Оның қашып кетуіне куәгерлер жол бермеді.

Анықталғандай, 30 жастағы ер адам Шу ауданындағы полиция бөлімінде аудандық учаскелік инспектордың көмекшісі болып қызмет етеді екен.

Бүгінгі таңда ол қызметінен уақытша босатылды.

https://youtu.be/tCoAX0MraVY

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер