jasqazaq.kz

Ішінде жүкті әйел болған. Оралда жедел жәрдем көлігі аударылды

27 мамыр 2021, 17:00

Оралда жол-көлік оқиғасында жедел жәрдем көлігі аударылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көлікте жүкті әйел болғанын айтты.

Полиция департаментінің мәліметінше, апат 27 мамырда сағат 14-те Шолохов пен Тюленин көшелерінің қиылысында болған. Соқтығысу нәтижесінде жедел жәрдем көлігі бір бүйіріне қарай аударылған.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Toyota Alphard жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Апаттың мән-жайы анықталады», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі де апатқа қатысты мән-жайды хабарлады.

«Бәйтерек ауданы Дарьинская ауруханасының санитар көлігі жол апатына ұшырады. Онда жүкті әйел медбикемен бірге кардиологиялық орталыққа бара жатқан. Арнайы көлікте сирена қосылып тұрған. Бірақ жүргізушілердің бірі жедел жәрдем көлігіне жол бермей апат болды», — деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жүкті әйел мен медбике кішігірім жарақат алғанын айтты. Науқас облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Іштегі бала зардап шеккен жоқ. Әйел жүктіліктің 35-нші аптасында болған. Ол жағымсыз салдардың алдын алу үшін ауруханаға жатқызылды.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия