jasqazaq.kz

Ішімдік ішіп, отбасында ойран салатындар енді абақтыға ұзағырақ жабылуы мүмкін

15 қыркүйек 2017, 23:20

Бүгін Мәжіліске осындай заң жобасын әкелген Әділет министрлігі маскүнем еркектерге қатысты заңды күшейтуді ұсынып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Өйткені, әйеліне қол көтергендерге қазір айыппұл салынады немесе 3 сағатқа ғана қамауға алынады. Жаза жеңіл болғандықтан тұрмыстық зорлық зомбылықтың саны еселеп артыпты. Оның үстіне араққа сылқия тойған азаматтар бірнеше сағаттың ішінде айығып үлгермей, керісінше ашуланып бар өшін келіншегінен алатын көрінеді. Сондықтан мұндай ішімдік ішкендер бұдан -былай бір тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Бірақ, әзірге бұл заң жобасы ғана. Ал, депуттар болса, жазаны әлі де қатайту керек деп отыр.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

-Отбасының шырқын шығарған маскүнемді 24 сағат қамау жеткіліксіз. Бойындағы алкоголь тарап ақылға келіп үлгермейді. Сондықтан абақтыға 48 сағатқа жабу керек. Осы мәселені қайта қарауымыз керек.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде