jasqazaq.kz

Исекешев: Валидатор жұмыс істемесе, жолаушыларды тегін тасыңдар

28 тамыз 2018, 14:06


Жаңа оқу жылы қарсаңында Астана әкімі Әсет Исекешев қоғамдық көлік мәселелері туралы жиналыс өткізді.

ҚазАқпарат жазғандай, жиналыста қала басшысы қала әкімі орынбасарының, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының, «Астана LRT» ЖШС мен астаналық автобус парктерінің жұмысын қатаң сынға алды. «Барлық мәселелерді оқу жылы басталғанша шешу керек. Валидаторлардың жұмыс істемеуінен адамдар автобус күтіп тұрмауы керек», — деді Әсет Исекешев. Оның айтуынша, мемлекет қоғамдық көліктің жұмысын субсидиялау үшін қажетті қаражат бөліп отыр. Желіде автобустарды 90-95% қамтамасыз ете алмайтын, елорда жолаушыларына ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсете алмайтын автобус парктері келісімшарттан айырылып, өзге автопарктерге орнын босатуы тиіс. Әкім барлық валидаторлардың жұмысын реттеуді тапсырды, ал олар істен шыққан жағдайда автобусты күттіріп қоймай, барлық жолаушылар тегін жүруі тиіс. «Валидаторлар тұрақты жұмыс істемесе, жолаушыларды тегін тасыңдар», — деді Исекешев. Сонымен бірге әкім автобус қозғалысын бақылауға арналған GPS мониторингінің жұмыс істемейтінін, мұның жолаушыларға қолайсыздықтар тудыратынын атап өтті. Электрондық таблодан айырмашылық 3-5 минуттан аспауы керек. Сондай-ақ, әкім «Астана LRT» ЖШС-ге тамыз айының соңына дейін жолақыны QR код, смартфон және интернет-банкинг арқылы төлеуге мүмкіндік беретін қосымша мүмкіндіктер әзірлеуді тапсырды. Өз кезегінде автопарк өкілдері электронды төлемді енгізу арқылы қаржы айналымының 30% артқанын, бұл қаражатқа қызмет көрсету сапасын жақсартып, біліктілігі жоғары жүргізушілерді көбейтетінін атап өтті. Электронды төлемнің арқасында жүргізушілердің еңбекақысы 300-400 мың теңгеге дейін артқан. Сондай-ақ, автопарк басшылары қоғамдық көлікте билетсіз жолаушылардың саны артқанын, мәселені шешу үшін көліктік инспекция мен жергілікті полиция қызметінің көмекке келуін сұрады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді