jasqazaq.kz

Исекешев бизнес-класс санатындағы таксиге ауысады

28 тамыз 2018, 15:02

Астана әкімі Әсет Исекешев бизнес-класс санатындағы таксиге ауысады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қала регенерациясы басқармасының басшысы Ғали Исқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, әкімдік ай сайын такси компанияларына қызмет көрсеткені үшін ақша төлейді. «Қалада әдеттегі тарифтер болады. Бос тұрған көліктер ведомствоаралық ұйымдарға — полиция, мектеп, ауруханаларға таратылады. Бұл әкімдіктің барлық әкімшілігіне, әкім аппаратына және басшылыққа да қатысты. (…) Мұның алдында көліктер болғанда біз оларға қанша қаражат жұмсайтынымызды білетінбіз, ол кезде кеңседегі көліктердің санына байланысты 800 мыңнан 1,5 миллионға дейін ақша кететін», — дейді Ғали Исқалиев. Ол әкімдіктің әрбір басқармасында такси қолдануға шектеу қойылғанын атап өтті. Ол орташа есеппен 300-400 мың теңге көлемінде екен. «Қала әкімінде де такси болады, бірақ ол жалдамалы, ай сайын төленіп тұрады. Орынбасарларда да осылай. Оларда бизнес-класс санатындағы автокөліктері болады, ал барлық бөлім қызметкері эконом-класқа ауысады. Конкурс өтіп кетті, бүгін Astana Taxi-мен бес жылға келісімшартқа отырамыз», — деді Қала регенерациясы басқармасының басшысы. Бюджеттік шығынды үнемдеу 20 пайыздан кем болмайды деп жоспарлап отырмыз, бірақ іс жүзінде ол әлдеқайда көп, яғни шенеуніктер жеке көліктен бас тартады. Болашақта, менің ойымша, 40 пайызға дейін үнемдеу болады , — деді Ғали Исқалиев.

Tengrinews.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді