jasqazaq.kz

Ірігеннің аузынан шіріген сөз шығады

23 желтоқсан 2020, 12:59

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Мемдумасы депутаттарының Қазақстан территориясына қатысты айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді.

«Бұл шын мәнінде өзекті мәселе екенін түсінесіздер. Депутат Никоновтың мәлімдемесінен кейін Сыртқы істер министрлігінің ғимаратына РФ елшілігінің уақытша өкілін шақырттық, себебі елші Мәскеуде іссапарда жүрген. Орынбасарым оны қабылдады, оған ресми түрде нота жолдап, СІМ-нің ресми позициясын айттық. Мұндай жағдайда әдетте екінші тарап бұған жауап бермейді, бірақ қабылданған шаралар туралы хабарлады. Олар Парламентпен және Президент әкімшілігімен хабарласып, мұндай сөздер жарияланбауы керегі туралы сынын айтты. Ал Федоровтың сөздеріне келер болсақ, ол кеше де сөзін қайталады, маған қазақ ретінде, Қазақстан азаматы ретінде бұл менің абыройыма тиеді. Жоғары білімі бола тұра, Отанымыздың тарихын біле тұра, орыс тілінде былай жауап беремін — это бред сивой кобылы. Мұндай мәселелер көтерілгенде бірінші кезекте тарихшыларға, ғалымдарға сүйену керек. Сыртқы істер министрі ретінде мен бұл сөздер Ресей Федерациясының ресми позициясы емес екенін айта аламын», — деді министр.

«Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік шекарамыздың делимитациясы заң жүзінде өткізілді, елдеріміздің арасында заң тұрғысында екіжақты келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда біз мемлекеттік шекара демаркациясын жүргізіп жатырмыз, бірақ пандемияға байланысты бұл процесс тоқтатылған, сондықтан алдағы үш жыл бойында демаркацияны аяқтаймыз. Екі мемлекет арасында стратегиялық серіктестік орнатылды. Барлық екіжақты құжатта бұл нақты көрсетілген және Ресей Федерациясымен халықаралық құқықтық негізде қарым-қатынасымызды дамыта береміз», — деді Мұхтар Тілеуберді.

 

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия