jasqazaq.kz

Ірі мөлшерде есірткіні жерге көміп сақтаған Шымкент тұрғыны ұсталды

16 мамыр 2022, 16:12

Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады. Ер адамнан айғақты зат ретінде 50-ден астам полиэтилен пакетке салынған синтетикалық есірткі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қолға түскен ер адамның қалтасынан 36 дана сары түсті изолентаға оралған есірткі затына ұқсас ұнтақ табылған. Ал, телефонын тексеру барысында телеграм желісі арқылы есірткі сатқаны анықталған. Сондай-ақ, тергеу барысында Түркістан қаласының аумағында «синтетикалық есірткі» салынған 15 ораманы жерге көміп, сақтағаны белгілі болды.

«Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған ұнтақ жалпы салмағы 50 грамнан астам «мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркеуге алды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті, яғни Шымкент қаласының тұрғыны қамауға алынды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр