jasqazaq.kz

Ірі көлемде гашиш пен марихуана тәркіленді

23 қыркүйек 2019, 17:39

Арнайы іс-шара барысында Алматы облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымынан ірі көлемде гашиш пен марихуананы тәркіледі. Есірткі саудасының ошағы Қарасай ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚК облыстық департаментінің өкілдерімен бірлескен арнайы іс-шара өткізіп, есірткі заттарын саудалады деген күдікпен 41 жастағы азаматты қолға түсірді. «Күдікті Іргелі ауылында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктіден 9 килограмм марихуана тәркіленді, сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайына санкцияланған тексеру жүргізу кезінде 7,5 килограмнан астам гашиш табылды. Қазіргі уақытта аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтау және оларды сату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен. Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті Қарасай ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қылмыстық істі тергеу ісі Полиция департаменті Тергеу басқарамасының өндірісінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде