![]()
Жексенбі күні Парсы шығанағындағы Иранның Кешм аралында магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды.
Теһран институтының жанындағы Сейсмикалық қызмет орталығы геофизиктерінің деректеріне қарағанда, зілзала ошағы 10 км тереңдікте орналасқан. Жер асты дүмпулері жергілікті уақытпен 14:24-те тіркелген. Қирандылар мен зардап шеккендер жайлы мәліметтер әзірге түсе қойған жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат