jasqazaq.kz

Иранның бірқатар провинциясында коронавирус салдарынан сабақтар тоқтатылды

23 ақпан 2020, 13:52

Иранның бірқатар провинциясының билігі коронавирус таралмауы үшін бірқатар оқу орындарын жабу туралы шешім қабылдады.Бұл туралы  ИРНА-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Алғаш рет коронавирус тіркелген Кум провинциясында екі күнге — жексенбі және дүйсенбі күндері барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын жабу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Тегеран, Керманшах, Хамедан, Казвин, Ардебиль, Мазандаран, Альборз және Голестан провинциялары да осындай ұйғарымға келді. Маркази және Гилян провинцияларында оқу орындарын бір аптаға жабу туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, коронавирустың таралуына жол бермеу жедел штабы елде 10 күнге – 24 ақпаннан 5 наурызға дейін барлық спорттық шаралардың тоқтатылғанын хабарлады. Иранның мәдениет министрлігі де 28 ақпанға дейін елде ешқандай мәдени бағдарлама болмайтынын жариялады. Иранда жаңа типті коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті, алты адам қайтыс болды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия