jasqazaq.kz

Ираннан көшіп келген қандастар солтүстік өңірге қоныстандырылуда

22 қыркүйек 2021, 10:33

Иран Ислам Республикасынан көліп келген 53 қандасымыз Солтүстік Қазақстан облысына қоныстандырылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Отандастар қорына сілтеме жасап хабарлайды.

Иранннан келген қандастарымызға Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді. Енді Ираннан келген қандастар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады. Бұған дейін 14 қыркүйекте Қазақстанға қоныс аударушылардың алғашқы легі келген еді. Барлық 13 адамды (3 отбасы) Солтүстік Қазақстан облысына орналастырылды. Аталмыш көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, Еліміздің Ирандағы Елшілігі және Горган қаласындағы Бас консулдығы мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия