jasqazaq.kz

Ирандағы жер сілкінісінен 634 адам зардап шекті

26 қараша 2018, 15:42

Иран елінің батысындағы Керманшах провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 634-ке жетті. Бұл туралы «ИРНА» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Өткен жексенбіде иран-ирак шекарасы ауданындағы Саре-Поле-Захаб қаласының маңында магнитудасы 6,4 болған жер сілкінісі болған, деп хабарлайды Тегеран университетіндегі Геофизика институтының сейсмологиялық орталығынан. Жерасты дүмпулер Керманшах және Илам провинцияларында, сондай-ақ Бағдад қаласы және Әзербайжанда сезілген. Магнитудасы 5,2, 4, 4 және 4,1 балл болған 4 афтершок Иранның Керманшах провинциясында тіркелді. Сейсмолог мамандардың мәліметінше, жерасты дүмпулер жергілікті уақытпен сағат 20:07-де тіркеліп, ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы елдің батысындағы Керманшах провинциясының Сере-Поле-Зохаб қаласынан 17 шақырым жерде тіркелді. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 12 қарашасында Керманшах провинциясында магнитудасы 7,3 балға дейін жеткен жойқын жер сілкінісі болды. Еуропа-Жерорта сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, жерасты дүмпулер ошағы ирандық Азгле қаласында болған, тереңдігі 11 шақырымды құраған. Елдің құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, жер сілкінісінен кем дегенде 630 адам көз жұмып, тағы 12 мыңға жуық адам зардап шекті.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді