jasqazaq.kz

Ирандағы су тасқынынан 44 адам қаза болды

29 наурыз 2019, 10:44

Иранда су тасқыны салдарынан 265 адам зардап шекті.

Иранда толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, қаза тапқандар саны 44-ке жетті. Бұл туралы Mehr News Иран ақпарат агенттігі Иран төтенше жағдайлармен күрес басқармасы бастығының орынбасары Рызу Ханкеге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Анадолы агенттігі. Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан 44 адам мерт болып, 265-і зардап шеккен. «Табиғи апаттан Фарс провинциясында 21 адам, Гулистан провинциясында -7, Мазендеран провинциясында 5 адам, Солтүстік Хорасан провинциясында үш адам, Кохгилуйе, Бойерахмед және Лористан провинцияларында екі адамнан, Керманшах, Хузестан, Хамадан және Симнан провинцияларында бір адамнан мерт болды», — деді Ханке. Оның айтуынша, Фарс, Керманшах, Гулистан, Лористан, Илам, Симнан, Солтүстік Хорасан, Резеви Хорасан, Хузистан, Бушер, Кохгилуйе және Бойерахмед, Хамадан, Керман провинцияларында 265 адам зардап шеккен. Бұған қоса, 47 адам клиникаларда ем қабылдап жатыр», деді басқарма бастығының орынбасары.

Дереккөз: inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда