jasqazaq.kz

Иранда коронавирустан екі адам қаза болды

20 ақпан 2020, 10:51

Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды. ИИР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Киануш Джаханпур мәлім етті.Бұл туралы ИРНА-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Өкінішке қарай, коронавирус анықталған егде жастағы екі адам жан тапсырды» деп хабарлады Джаханпур.

Бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрі екі адамның коронавирус жұқтырғанын растаған болатын.

Бұл ақпаратты ирандық үкімет өкілі Алии Рабии де растады.

«Бірнеше минут бұрын Денсаулық сақтау министрі мекеме мамандарының баяндамасына сүйене отырып, Кумда коронавирус жұқтырды деген күдігі бар екі адамның сараптамасы оң нәтиже көрсеткенін мәлім етті», — деп жазды ол Twitter парақшасында.

Бұл Ирандағы алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғалары.

Екі адам қаза тапқан Кумда бейсенбі күні мектептердегі сабақ тоқтатылды.

19 ақпан күнгі соңғы мәліметтер бойынша Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны екі мың адамнан асты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия