jasqazaq.kz

Иранда корнавирустан көз жұмғандар саны 30-ға жуықтады

27 ақпан 2020, 17:58

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 26 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпурдың айтуынша, елде індет жұқтырғандар саны 245 жеткен. «Коронавирус жұқтырған жаңа оқиғалардың 38-і Тегеранда, 23-і Гилянда, 7-і Кумада, 1-і Хамаданда, 8-і Исфаханда, 7-і Мазандаранда, 58-і Ардебилде, 3-і Альборзеде, 1-і Хоросан Разавиде, 3-і Семнанда, 2-і Керманшахта, 3-і Лорестанда, 1-і Күрдістанда, 1-і Йезде, 1-і Батыс Әзербайжанджа және 2-і Шығыс Әзербайжанда тіркелді», — деді шенеунік. Коронавирустың жаңа түрі (2019-nCoV) 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Орталық Қытайдың халық тығыз орналасқан, яғни 12 миллион тұрғыны бар Ухань қаласында тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны халықаралық дәрежедегі төтенше жағдай деп жариялап, ауқымды эпидемия деп сипаттады. ҚХР бөлек, вирус 27 елде анықталған, оның ішінде Иран да бар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия