jasqazaq.kz

Иран Трамптың мәлімдемесінен кейін ядролық мәміледен шығуы мүмкін

15 қазан 2017, 15:13

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифтің мәлімдеуінше, егер АҚШ республикаға қарсы санкцияларды қалпына келтіретін болса, Иран 2015 жылы шілде айында қол жеткізілген уағдаластықта қарастырылған Бірлескен іс-қимыл жоспарынан (БІҚЖ) шығуы мүмкін.

 

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Министрдің мәлімдемесін жексенбі күні Bloomberg агенттігі жариялады. «Егер Иран қарсы тараптың санкцияларды алып тастауға қатысты қабылдаған әрекеттері Ислам Республикасы үшін жеткіліксіз екенін сезсе, еліміз бірнеше әрекеттерді қолдануға мәжбүр болады, олардың біреуі — ядролық келісімнен шығу», — деп мәлімдеді Зариф.

Зарифтің айтуынша, егер санкциялар Иран үшін аса маңызды салаларға, соның ішінде мұнай саудалауға және әуе кемелерін сатып алуға салынса, онда Тегеран «ядролық мәмілеге қатысуы бойынша шешім қабылдауға құқылы». Жұма күні Трамп Иранға қатысты Вашингтонның жаңа, аса қатаң стратегиясын баяндады.

Оған сәйкес, Құрама Штаттар Иранның «тұрақсыздандыратын ықпалына» қарсы және халықаралық қауымдастықты Ислам революциялық қорғау корпусына (ИРҚК, Иран қарулы күштерінің элиталық бөлімдері) қысым жасау үшін бірігуге шақырады. Сонымен қатар, АҚШ президенті Тегеранның ядролық бағдарлама туралы келісімнің орындалуын растаудан бас тартып, оған өзгерістер енгізуге уәде берді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық