jasqazaq.kz

Иран мемлекетіне 18 тонна қой еті жіберілді

07 қыркүйек 2017, 15:10

Иранға 18 тонна қой еті жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иран мемлекетіне 18 тонна қой еті жіберілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен Иран мемлекетінің бірлескен жұмысы аясында Қазақстаннан Иранға тірі мал және салқындатылған қой етін жеткізуге ветеринарлық талаптары келісілген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстаннан Иранға мұздатылған қой етін экспорттау талаптары да мақұлданған. Иран нарығына қой еті мен тірі малды экспортқа шығару Таяу Шығыс елдеріне ( БАӘ, Сауд Арабия, Кувейт, Катар және т.б.) экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облысынан Иран мемлекетіне жөнелтілген кезекті 18 тонна салқындатылған қой еті осы келісімдердің нақты нәтижесі деп атап өтуге болады. Естеріңізде болса, Оралдық шаруалар бұған дейін де 18 тонна қой етін экспорттаған болатын.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде