jasqazaq.kz

Иран мавзолейінде ер адам 15 адамды атып өлтірді

27 қазан 2022, 11:29


Иранның Шираздағы Шах-Черах мавзолейінде белгісіз атам қарудан оқ жаудырды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, салдарынан кем дегенде 15 адам мерт болып, ондағаны жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Қаза тапқандар арасында бір әйел мен екі бала бар.

Иран мемлекеттік телеарнасы кем дегенде 19 адамның зардап шеккенін мәлімдеп отыр.

IRNA ақпарат агенттігі қарулы шабуылды үш адам жасағанын хабарлады. Алайда провинция басшысының орынбасары Фарс Эсмаил Мохебипур телеэфирде бір ғана адам оқ атқанын, кейін ол жарақат алып, ұсталғанын мәлім етті. Шенеуніктің айтуынша, қаскөй Калашников автоматын қолданған.

Қарулы шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» ұйымы (Қазақстанда және өзге елдерде тыйым салынған) алды. Бұл туралы аталмыш террористік топпен байланысты сайттарда және Telegram-каналдарда жазылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр