jasqazaq.kz

Иран Қазақстанға Парсы шығанағындағы порттан жер беруге дайын

03 қараша 2022, 16:45

Иран қазақстандық терминал құрылысы үшін Бандар-Аббас портынан жер учаскелерін беруге дайын, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Иран Ислам Республикасына жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Парсы шығанағында орналасқан Бандар-Аббас портында болды.

Баспасөз қызметі мәліметінше, бұл – өңірдегі қуаттылығы жылына 135 млн тонна болатын ең ірі ауыстырып тиеу хабтарының бірі, мұнда жүк теміржол, авто, теңіз көлік түрлерінен жүргізіледі. Қазақстандық бизнес өкілдері порттың негізгі ауыстырып тиеу қондырғылары мен сақтау терминалын аралап, Парсы шығанағы жағалауында өздерінің ауыстырып тиеу қондырғыларын құруға қызығушылық білдірді.

«Өз кезегінде Иран тарапы Бандар-Аббас портында құрғақ терминал салу үшін 15 гектар жерді резервке алуға келісті. Бұл мәселені пысықтау үшін Шахид Раджай портының әкімшілігі (Бандар-Аббас) мен қазақстандық бизнес өкілдері арасында бірлескен жұмыс тобы құрылады. Сондай-ақ жұмыс тобы қазақстандық астықты ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту үшін сүрлем мұнараларын салу мүмкіндіктерін зерттейді», — делінген хабарламада.

16 маусым, 15:46
Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр
16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
16 маусым, 12:08
Үй аумағында көлік қоюға қатысты ІІМ ресми түсініктеме берді (Видео)
15 маусым, 21:30
Атышулы kizdar.net сайтының артында кімдер тұр? (Видео)
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку