jasqazaq.kz

Иран доллардан бас тартты

03 наурыз 2018, 12:19

Иран үкіметі импорт кезінде АҚШ долларын пайдалануға тыйым салды. Енді елдің кеден органдары Америка валютасымен транзакцияланған тауарға декларация толтырмайды.

Импорт тасымалдаушылар долларды еуроға немесе басқа кез келген валютаға айырбастауына болады. Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Press TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Иранның орталық банкінің хабарлауынша, қазір доллармен келетін тауар саны аз. Сондықтан халықаралық келісімшарт тоқтап қалуы мүмкін деген қорқыныш жоқ.

Аталған банк өкілі Мехди Касрейпурдың айтуына қарағанда, бұл шара импортерлерге ешқандай проблема туғызбайды. Иранның сыртқы саудасындағы доллардың үлесі төмен.

«Санкциядан соң елдегі банк секторы доллар пайдалана алмай келеді. Ирандық импортлер көбіне басқа валютамен саудаласады. Сол себепті доллармен есептелген шарт жасасудың қажеті жоқ», — деді Мехди Касрейпур.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық