jasqazaq.kz

Ирактан оралған тұл жетім сәбидің әжесі табылды

09 желтоқсан 2019, 14:04

Ирактан оралған тұл жетім сәбидің әжесі табылды. ҚР Білім және ғылым министрінің балалар құқығы жөніндегі кеңесшісі Райса Шер айтты.

Айта кетерлігі, Райса Шер Нұр-Сұлтан қаласының қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында Ирактан жеткізілген балалардың жай-күйін БАҚ өкілдеріне таныстырған болатын. Таныстыру барысында тілшілердің сауалына орай ол тұл жетім саналған бір баланың туысы табылғандығын атап өтті. Ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы Данияр Байбеков ол баланың әжесі екендігін нақтылады. «Оның әжесі бар және Қазақстанда жүргізілген геномдық сараптама туыстығын дәлелдеді. Әйел аталған баланың биологиялық әжесі саналады», — деді Д.Байбеков. Ирактан жеткізілген 14 бала әлеуметтендіріліп, оңалтудан өтіп жатқан мекеме қазіргі уақытта карантинге жабылған. Себебі балалардың біріннен жұқпалы ауру табылған. «Балалар осы жерге жеткізілгеннен кейін 15 медицина маманы оларды жұқпалы ауруларға тексеру жүргізді. Қазіргі уақытта карантин жарияланған. Себебі бір бала скарлатинамен ауырған және ол қазіргі уақытта медицина мекемесінде жатыр», — деді Райса Шер.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда