jasqazaq.kz

Иракта Ислам мемлекеті жетекшісінің орынбасары ұсталды

04 желтоқсан 2019, 16:01

Ирак қауіпсіздік қызметкерлері «Ислам мемлекеті» террористік тобының көзі жойылған жетекшісінің «орынбасары» ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz.

Киркук провинциясындағы Хавижа ауылында полиция Абу Хальдун есімді содырды паналаған пәтерден ұстады, деп хабарлайды Ирак қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі.

Қарулы адамда Шаалян Убейдтің атында жалған төлқұжат болған.

«Бұл қылмыскер Бағдадидің орынбасары қызметін атқарды, сонымен қатар Салах ад-Дин провинциясындағы әскери әмір болды», делінген хабарламада.

Трамп қазан айында Сириядағы Идлиб провинциясында АҚШ арнайы күштерінің операциясы нәтижесінде әл-Бағдадидің жойылғанын хабарлады. Ол Ресейге, Түркияға, Сирия мен Иракқа әл-Бағдадиді жоюда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Кейін Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков Ресейдің АҚШ әскерилерінің әл-Бағдадиді «жою» операциясын жүргізгені туралы сенімді ақпарат жоқ екенін айтты.

Исламистермен байланысқан сайт Ислам мемлекеті өзінің жетекшісінің көзі жойылғанын растады деп хабарлады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда