
Ирак астанасы Бағдадта жүздеген ереуілші парламент ғимаратына басып кіріп, саяси және дипломатиялық ғимараттар орналасқан аумаққа өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Шерушілер шииттердің ықпалды діни қызметкері Муктада әл-Садрдың жақтастары және олар Мохаммеда әл-Суданидің жақында премьер-министр лауазымына ұсынылуына қарсы екенін көрсетті.
Басылым мәліметінше, наразылық білдірушілер Бағдадтағы Ирак Өкілдер кеңесінің ғимаратына басып кірген. Ол қаланың «жасыл аймағында» — елшіліктер мен мемлекеттік мекемелер орналасқан ерекше қорғалатын аймақта орналасқан. Ереуілшілер ғимаратқа кірген кезде бірде-бір заң шығарушы болмағаны атап өтілді.
Уақытша премьер-министр Мұстафа әл-Кадими демонстранттарды «тез арада кетуге» шақырды. Сондай-ақ, ол өз мәлімдемесінде қауіпсіздік күштері мемлекеттік мекемелер мен шетелдік өкілдіктерді қорғауды қамтамасыз ететінін, сондай-ақ қауіпсіздік пен тәртіпке кез келген зиянның алдын алатынын ескертті.
«Екі рәкат (мұсылман намазы – авт.еск.) оқып, аман-есен үйге оралыңдар», – деді ас-Садр.
Саяси партиялар өткен қазандағы сайлаудан кейін ұлттық көшбасшыны таңдау туралы келісімге келе алмады.