jasqazaq.kz

Иракта ауыз судан 111 мың адам уланып қалды

15 қазан 2018, 11:41

Ирактың оңтүстігіндегі Басра провинциясында ауыз суға уланған жергілікті тұрғындардың саны күн санап артуда. Соңғы деректер бойынша олардың саны 111 мың адамға жетті. Бұған дейін 27 мың адам ауыз судан уланды деген хабарлама тараған болатын. Бұл туралы Al-Sumaria телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жаңа мәліметтерді Басра қаласындағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссариатының директоры Махди ат-Тамими жариялады. Ол оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында ластанған судан улану оқиғалары тіркелгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Еуропалық одақтың Ирактағы елшісі Рамон Блекуа да ластанған ауыз судан уланып қалған.

Махди әл-Тамими сондай-ақ, комиссариат орталық үкіметтен және жергілікті билік органдарынан ауыз су мәселесі бойынша нақты және маңызды ұстанымды талап ететінін атап өтті.

Еске салайық, Иракта Басра қаласында басталған наразылық шарасы өтіп жатыр. Онда мыңдаған тұрғын таза ауыз су мен электр қуатынын жеткізуді жақсартуды талап етуде. Ал биліктегілер наразылық білдірушілердің талаптарын орындау үшін арнайы комиссия құрды және Басра тұрғындарына ауыз су мен электр желілерінің сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге ақша бөлінеді деп уәде берді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді