jasqazaq.kz

Интим қызмет көрсеткен боди-массаж салондары әшкере болды (видео)

02 қазан 2020, 16:56

Нұр-Сұлтанда интим қызмет көрсеткен боди-массаж салондары әшкере болды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері интим қызметін, сондай-ақ дене массажы қызметін көрсеткендерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Жұмыс барысында екі коттеджде массаж салондары анықталды, онда массаж бен интим қызметтер көрсетілді. 14 қыз бен бір салон әкімшісі ұсталып, полицияға жеткізілді», — делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, ұсталғандардың барлығы Қазақстанның басқа өңірлерінен жұмысқа келгендер болып шықты. Барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салондардың заңсыз қызметі тоқтатылды деді полициядағылар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде