jasqazaq.kz

Интим қызмет көрсететін еркектерді тонаған

01 қазан 2019, 18:09

Алматыда интим қызмет көрсететін еркектерді тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған төрт күдіктінің біреуі әйел. Олар қалада пәтер жалдап, интим қызмет көрсететін еркектерге қоңырау шалып, пәтерге шақырған. Кейін оны бәрі жабылып ұрып-соғып, ақшасын, бағалы заттарын тартып алған. «Күдіктілер қонақтарын жалға алынған пәтерге шақырып отырған. Күш көрсету арқылы олардың құнды заттарын: ақша, ұялы телефондар, зергерлік бұйымдарын тартып алған. Қарақшылар жыныстық қызмет көрсететін еркектер полицияға бармайды деп ойласа керек. Олардың қалада жасаған осындай 4 эпизоды дәлелденді. Күдіктілердің екеуі бұрын біреудің мүлікін қолды еткендері үшін жауапқа тартылған. Ең жасы үлкені қыз, ол 27 жаста, қалған қатысушылар 1998, 1999 және 2000 жылы туғандар. Олар Алматыға Қазақстаның басқа облыстарынан келген. Сондай-ақ, еш жерде жұмыс істемейді. Олар ақшаны осындай қылмыстық жолмен табуды шешкен»-дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр Қазір олардың барлығы тергеу изоляторында, ҚР ҚК 190 бабының 2-бөлігі – қарақшылық қылмысы бойынша айыпталушы ретінде сот отырысын күтуде.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда