jasqazaq.kz

Интернетті біз қандай мақсатта пайдаланамыз?

25 қазан 2017, 17:42


Күні кеше Kantar TNS зерттеу агенттігі қазақстандық Интернет пайдаланушылардың мінез-құлқына жүргізілген зерттеулерді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зерттеу нәтижесі 16 жастан асқан қазақстандықтардың Интернетті пайдаланудағы мінез-құлқы жайында түсінік қалыпастыруға септігін тигізеді. Google компаниясының тапсырысы бойынша әлемнің 60-тан астам елімен қатар Қазақстанда да жүргізілген зерттеуден ел азаматтарының ғаламторға не үшін кіретіндігін, бұл ретте қандай құрылғыларды жиі пайдаланатындығын білуге болады.

Сонымен, зерттеу нәтижесінде қазақстандықтардың 74 пайызы Интернетті жеке мақсатта пайдаланатындығы анықталды. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бұл жаһандық деңгейден 8 пайызға төмен. Ең белсенді қолданушылар 25-34 жаста. Бұл санаттағылар еліміздің интернет қолданушыларының 30 пайызын құрайды. Ал 35-40 жастағылардың көрсеткіші — 20 пайыз. Елімізде ерлер де, әйелдер де Интернетті белсенді қолданады. Гендерлік тұрғыда бұл көрсеткіш сәйкесінше 47 және 53 пайыз. Бір қазақстандыққа Интернетке қосылған 1,7 құрылғыдан келеді. Орташа статистикалық қазақстандық пайдаланатын үш негізгі девайстар мыналар: смартфон (64 пайыз), ноутбук (26), смарт-теледидар (10). Қазақстандықтар девайстарды пайдалануда да көш ілгері. Олардың арсеналында Интернетке қосылатын нетбук пен планшеттер, электронды кітаптар, смарт-сағаттар бар.

2017 жылы 16 жастан асқан қазақстандықтардың 58 пайызы компьютер мен смартфондарды қолдана отырып Интернеттен видеолар көрген. Қазақстандықтардың Интернеттегі мінез-құлқы да жаһандық үрдіспен сай келеді. Мәселен, қазақстандық онлайн-пайдаланушылардың 72 пайызы бірінші кезекте көңілдерін көтереді, 75 пайызы қажетті ақпараттарды іздейді екен.

Айта кетерлігі, бұл зерттеулер елімізде 2017 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында жүргізілген.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді