jasqazaq.kz

Интернеттегі қаржы алаяқтарынан қалай қорғануға болады?

09 сәуiр 2020, 0:24

#үйдеотыр

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет желісінде алаяқтардан қорғанудың тәсілдерін айтты.

Біріншіден, кибер-гигиенаны сақтау бағытында төлемдерді растау үшін пайдаланылатын парольдерді, кодтарды немесе құпия деректерді ешқашан ешкімге хабарламаңыз. Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері басқа адамдарға парольдер мен кодтар берілмейтіндей етіп жасалады. Екіншіден, URL-адресті тексеріңіз. Әсіресе, таныс емес жөнелтушілерден алынған сілтемелерді тексеріп қараңыз. Қаскүнемдер жазылуы бойынша ұқсас домендерді жиі пайдаланады. Үшіншіден, құпия ақпарат енгізуді талап ететін, яғни парольді енгізу талап етілетін сайттарда HTTPS: // префиксінің болуын тексеріңіз. Төртіншіден, заманауи браузерлердің көпшілігінде фишингтің жаппай шабуылына қарсы тұрудың ендірілген тетіктері бар. Қауіптер туралы браузердің хабарламаларына назар аудару керек. Бесіншіден, егер ұйымдардың сайты немесе парақшасы күмән тудырса, сол ұйыммен байланысыңыз және өз банкіңіздің интернет-банкинг жүйесінде төлем жасағыңыз келсе, ақпаратты нақтылап алыңыз. «Бұл тұрғыда банкке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылап алған жөн. Есіңізде болсын, банк менеджерлері алдымен клиентке қоңырау шалмайды. Сондықтан сізге қоңырау шалып, сіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS арқылы келіп түскен кодты сұраса, телефонмен сөйлесуді доғарып, сізге қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз», — дейді мамандар. Алыншыдан, егер сіз күмәнді сайтта тіркелген болсаңыз, онда жеке деректеріңізді қорғау үшін электрондық поштаңызды өзгерту керек.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде