jasqazaq.kz

Интернетпен қамтылмаған 883 ауыл бар

26 тамыз 2020, 16:22


Қазіргі уақытта Қазақстанның 4 646 елді мекенінде кеңжолақты интернет қолжетімді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Интернетке кеңжолақты қолжетімдікті қамтамасыз ететін желілер 6 459 елдімекеннің 4 646-сында салынған. Бұл ретте осы елдімекендерде 18,2 млн адам, халықтың 97,3% тұратынын атап өткен жөн. Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасы бар, онда жыл соңына дейін 250 және одан да көп адам тұратын барлық ауылдық елдімекендерді интернетпен қамтамасыз ету тапсырылған. Қазіргі уақытта интернетпен қамтылмаған 883 ауыл қалды», — деді спикер Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін екі жоба жүзеге асырылуда. Бірінші жоба «Талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша елді мекендерді кеңжолақты қолжетімділікпен қамту» деп аталады. «Жоба бойынша мемлекет мектептер, ауруханалар мен әкімдіктер үшін ауылдық елдімекендерде Интернетке кеңжолақты қолжетімдік қызметтерін сатып алады. Жоба 2020 жылдың соңына дейін 1 257 ауылдағы 3 718 мемлекеттік орган мен бюджеттік ұйымдарды қамтиды», — деді В. Ярошенко.

ҚазАқпарат

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия