jasqazaq.kz

Интернет-алаяқтар Қостанай тұрғынының атынан несие алған

05 ақпан 2019, 16:09

Интернеттегі алаяқтар Қостанай облысы тұрғынының атынан онлайн-қарызға өтініш берген. Әйел мұны несиені кешіктіру туралы хабарлама алғанда бір-ақ білген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аралас тауарларды сатуға арналған жаңа технологиялар, әртүрлі веб-сайттардың пайда болуы онлайн-несие алуға арналған түрлі тәсілдер сызбаларын жасауға мүмкіндік береді. Тиісінше, бұл — алаяқтар үшін оңай олжаға кенелудің бір жолы. «Полицияға облыс орталығында тұратын 50 жастағы әйел жүгінді. Жәбірленушінің арызына сенсек, 2018 жылғы тамыз айында «TTTengo.kz» сайтында оның атынан несие алынған. Қазіргі уақытта қарыздың кешіктіру сомасы 54 мың теңгеге жеткен. Шығынның жалпы көлемі — 100 мың теңгеден асып кеткен», — делінген ПД баспасөз хабарламасында. Полицейлер алаяқтардың қандай жолмен несие алғанын анықтап жатыр. ҚР ҚК «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде