jasqazaq.kz

Интернатта 59 дімкәс бала КВИ жұқтырған

14 шiлде 2020, 10:05

Басы даудан арылмаған Аягөздегі балалар интернатында 59 адамнан коронавирус анықталды. Онсыз да дімкәс балалар шетінен індет жұқтырған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тест қорытындысы бойынша ковид-19 шыққан 59 науқастың 22-і қызметкер болса, қалғаны тәрбиеленушілер. Бірақ, ешқайсында асқынған аурудың белгісі жоқ. Осыдан бірер апта бұрын да орталықтағы екі баладан ковид-19 расталды. Ол кезде орталық басшысы бұл бүлдіршіндер бізде емес, сыртта жұқтырған деп, жауапкершіліктен ат-тонын ала қашқан. Ал соңғы жағдайға байланысты кімді қалай дерт дендегенін анықтау үшін эпидемиологиялық тексеріс болатынын жеткізді. Осыған дейін интернатта 10-нан астам бала ауруханаға түсіп, төртеуі қайтыс болды. Артынша орталық директоры Нұрлан Қантаев қызметінен кеткен болатын.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия