jasqazaq.kz

Инстаграмдағы ұтыс ойындарының артында кім тұр?

14 маусым 2019, 17:15

Соңғы кездері Инстаграм желісі арқылы алданып қалдым дейтіндердің қатары көбейген. Ал, пәтер мен көлік ойнатып жатқан ұтыс ойындарын қадағалап жатқан жан бар ма?
Бес мың теңгеге билет алып, пәтерлі бола салу әркімнің арманы. Осындай арманмен алданып қалмайтыныңызға кім кепіл? Оның артында кімдер тұр? Жалған ұтысы жарға соқтырғандай неге жазаланбайды? Бұл туралы 31 арнаға сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әдетте билетті суырып алатын адам атайды. Ал, инстаграм ойындарының бірінде билетті суырып алған адамнан екінші адам қолын көлегейлей алады. Оны ешкім байқап жатқан жоқ.

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы кітабының тұсаукесер рәсімінде құндыз тон сыйлап, артынан қалмаған адамның өтінішн орындаймын деп, соңында қылмыстық істің ақ-қарасын анықтауға тура келгенін айтады. Инстаграм желінісінде 143 мың оқырманы бар журналист әр ақпаратты саралап салатын әдетіне басып, ұтыс туралы есеп бермеген ұйымдастырушыдан секем алғанын айтады.

Күмәнім расталған күні ұтыс иесі қорқытуға көшті. Ал, пәтер ұтып алу үшін ойынға қатысқандар саны арта бастады дейді журналист.

Жанар есімді азаматша ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысу үшін билет алғандардың саны күн санап арта бастаған. Алды полицияға шағым түсіріп үлгеріпті.

«Мәрзия Жұмабекова бірнеше билет алды деп айтылды. Бірақ ондай кісі болса, сол жерде отыратын шығар», — дейі шағымданушы.

Жанар есімді азаматша көзілдірік таққан әжейдің қолындағы билетін жұлып алып, қолымен көлегейлеп өзі атайды. Ұтыс иесі болған Мәрзия телефонын көтермейді. Осы жайтқа байланысты қатысушылар пәтер ұтысы әділ өтпеді деп шағымданды.

Осыдан соң өзін Мәрзия Жұмабековамын деп таныстырған кісі пайда болады. Алайда Алматы полициясы бұл кісінің есімі Мәрзия емес екенін айтты. Тіпті осы кісі мен Мәрзия Жұмабекованың да жалған құжаты жасалғанын анықтаған. Осы себепті ұтысты ұйымдастырушы қамауға алынды.

Жанардан ешқайда кетпеу туралы қолхат жазылып алынды. Ол «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталды. Ал, Бибігүл Дәулетбекқызы оның бостандықта жүрген уақытында тағы қылмысқа баратынын айтады. Жанардың жайы Алматы прокуратуасына жолданды.

Елімізде 5 мың теңге беріп, баспаналы болғысы келетіндер, оңай олжаға кенелгісі келетіндер көп. Әсіресе, танымал жандарға сенетіндердің қатары көп. Ал, желіде ұтыс ойындарын ұйымдастырып жатқандардың шынайылығын ешкім тексермейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда