jasqazaq.kz

Instagram арқылы елді алдаған жігіт ұсталды

18 наурыз 2019, 16:09

SONY DSC

Алматыда Инстаграм желісін пайдаланып адамдардың ақшасын жымқырған 23 жастағы ер адам ұсталды.

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. «Ол Instagram әлеуметтік желісінде «Olimp_bets_kzzz» тобын құрған. Ол букмекерлік кеңселердің ставкасы арқылы ақшаны көбейтіп берем деп уәде берген. Адамдар ақшасын 10 есе өсіремін деген алдауға сеніп қалып, паблик админінің «8-700-694-14-52» киви-әмиянына ақша аударып отырған. Ақшаны алып алған соң ол клиенттерімен байланысты үзіп, парақшаны бұғаттап отырған. Қазіргі таңда оның 4 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жалпы алғанда алаяқ жігіт адамдардан 6 млн теңге алған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», — деді қалалық Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов. Полиция осы адамның әрекетінен зардап шеккендер болса, 298-51-36; 8-747-818-31-99 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық