jasqazaq.kz

Инспекторларға оқ атты

23 қазан 2019, 11:16

Түркістан облысында браконьерлер суды қорғау инспекторларына оқ атқан. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бүгінде күдікті қолға түсіпті. Бұл туралы облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Полиция мәліметінше, оқиға Шардара су қоймасында орын алған.

Инспекторлар түнгі шолу кезінде үш браконьер отырған қайықты байқапты. Жастар инспекторлардан жасырынбақ болғанымен, 17 шақырым жерді жүзіп өткеннен кейін, қайықтары тастардың арасына кептеліп қалады. Осы кезде жағалауда өзге де адамдар пайда болған.

«Олар табиғатты қорғау қызметкерлеріне қарумен сес көрсетіп, артынша инспекторлар жаққа оқ атқан. Мұнан соң ұялы телефондарын тартып алып, балықшылармен бірге көлікке отырып, ізін суытыпты», — дейді полициядағылар.

Жәбірленушілер полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары оқ атқандардың бірін қолға түсірді. Ол Шардара ауданының тұрғыны, түнде жүрген браконьерлердің бірінің әкесі болып шықты. Полицейлер тінту барысында ер адамнан аңшылық қаруы мен инспекторлардың ұялы телефондарын тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда