jasqazaq.kz

«Иноагент туралы» заң қабылданбайды

17 наурыз 2023, 16:10

Елімізде «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев мәлімдеді.

«Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Егер осындай бастама болса, онда өзіміз тиісті сараптама жасаймыз. Бізде мұндай жұмыстарды атқаратын штат жасақталған, олардың тиісті мамандықтар бойынша білімі бар. Бұған нақты баға беріп, міндетті түрде өз пікірімізді білдіреміз», — деді Артур Ластаев тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол шетелден қаржы алатын азаматтардың тізімін жасауға қатысты өз пікірін айтты:
«Қазіргі кезде мемлекеттік кірістер органдары бұл саясатты салық салу мақсатында жүзеге асырып отыр. Бізге осы уақытқа дейін фискалдық саясат аясында адам құқықтарына нұқсан келіп жатқаны туралы ешқандай шағым түскен жоқ», — деді А. Ластаев.
Еске салсақ, кеше мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын тұлғалардың тізімін жасауға қатысты түсініктеме берген болатын.

«2018 жылдан бері Салық кодексімен шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғаларға мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беруі туралы талап енгізілген болатын. 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді. Оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің интернет-ресурсында (Kgd.gov.kz) шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізімін күзге қарай жариялайды», — делінген комитет хабарламасында.

JQ-Aqparat

22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
Grayscale: ON