jasqazaq.kz

Инкассаторларды өлтірді деген күдікпен тағы бір адам ұсталды

11 маусым 2019, 10:57

Түркістан облысына қарасты Арыс ауданында инкассаторларды өлтіру қылмысы бойынша тағы бір күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған күдікті инкассаторларды өлтірген адамның танысы болып шықты. Зейнеткерлердің зейнетақысын шалғай ауылдарға жеткізбек болғандарды өлтірген «Қазпошта» қызметкері әріптестерінің көзін жойған соң, айғақты заттардан құтылмақ болып, осы танысының қорасына аңшы қаруы мен ақшаларды әкеліп жасырған. Ал, қамауға алынған күдікті танысының адамдарды өлтіргенін және айғақты заттардың өз қорасында тығулы жатқанын полицияға айтпай, жасырып, жаппақ болған. Осы әрекеті үшін ол енді қамауға алынды.

«Сезіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 434 бабы «Қылмыс туралы хабарламау» және 287 бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылатын құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Инкассаторларды өлтірген деп күдіктелген «Қазпошта» қызметкеріне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Қылмыстық кодекстің екі бабымен, «Адам өлтiру» және «Қарақшылық» бойынша тергеуге алынса, енді оған қатысты 287 баб «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша іс қозғалды.

Дереккөзі: otyrar.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда