jasqazaq.kz

Инкасаторларды өлтірген күдікті ұсталды

09 маусым 2019, 13:50

Түркістан облысы, Арыс ауданында инкасаторларды қасақана өлтірген еңбек демалысында жүрген пошта қызметкері болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал-майоры Қайрат Дәлбеков көлікті тонап, қызметкерлерді аяусыз өлтірген күдіктінің ұсталғандығын мәлім етті. Қайрат Дәлбековтың айтуынша, қаскөйлердің қолынан қаза тапқан екі инкассатор қызметтік көлікпен Задария мен Монтайтас ауылдарында болып, одан соң поштамен бірге Қожатоғай елді мекеніне бара жатқанда күндізгі сағат 12-лерден кейін байланыссыз кеткен. «Екі инкассаторымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен қызметтік көліктің ішінде ауыл тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Күдіктілердің мекен-жайын анықтау мақсатында, барлық іс-шаралар атқарылды. Түркістан облысы Полиция департаменті мен Арыс АПБ-нің арнайы кәсіби мамандардан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар із-түссіз жоғалған инкассаторларды арнайы іздеп, барлық аудан орталығына шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексерді. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, қажетті деген шараларды атқарды»,- деді облыстық Полиция департаментінің бастығы. Қайрат Дәлбековтің сөзінше, өңірдің жедел уәкілдері сол күні сағат шамамен 20:00-ден асқанда Арыс қаласынан 3 шақырым жерден көлікті тапқан. Оны тексеру барысында қан іздері алынып, инкассаторлардың қасақана өлтірілгені белгілі болған. Ал, келесі күні таңғы сағат 6:00-де аудан орталығынан 35 шақырым жерден бастарына оқ тиген инкассаторлардың мәйіті табылған. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің тұлғасын анықтадық, сондай-ақ оны тұрғылықты мекенжайында ұстадық. Күдікті азамат пошта бөлімшесінің қызметкері, 1981 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматтан шолақ мылтық пен ұрланған ақшалар табылып, тәркіленді. Күдіктінің айтуына қарағанда, ол еңбек демалысында жүріп, әріптестерімен бірге барар жеріне жеткізуді сұранған. Содан кейін автокөлік ішінде отырып, екі әріптесін атып, ақшаны алып, бой тасалаған. Ер азамат ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни 99-бабы «Адам өлтiру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады»,- деді генерал-майор.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда