jasqazaq.kz

Информатика сабағы 1-2-ші сыныптардан бастап енгізіледі

29 тамыз 2018, 13:28

Биыл «Информатика» пәні 3-ші сыныптан басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылы 1-11 сыныптарға арналған жаңа мемлекеттік білім беру стандарттары, жаңа типтік оқу жоспарлары (ТУП) мен оқу бағдарламалары бекітілді. Енді тек қана бір типтік оқу жоспары болмайды, бірнеше ТУП-тарды дайындап бекіттік. Мектептің өзіне келетін жоспар бойынша жұмыс жасауына мүмкіндік бердік. Барлық мектептерге осы ТУП-тар арқылы академиялық дербестік беруді дұрыс деп есептейміз. Бұл жерде әр мектептің білуі қажет мәселе -қай ТУП-пен жұмыс істейтінін мектеп өзі шешеді. Жалпы мектептермен қатар, гимназия, лицейлер, дарынды балаларға арналған мектептер үшін де, кешкі мектеп үшін де оқу жоспарлары мұғалімдер ұсынысы ескеріліп жасалды», — деді министр. Сонымен қатар Е. Сағадиев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5-7-ші сыныптарға «Өлкетану» курсы биыл алғаш рет енгізілетінін атап өтті. Оқулықтар мазмұны өңірлерде құрылған авторлық топтармен бірге жасалды. Бүгінгі күні оқулықтар дайын. «Биыл«Информатика» пәні 3-ші сыныптан басталады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында информатика сабағы келесі жылдан 1-2-ші сыныптардан енгізіледі. Олардың бағдарламалары дайындалуда. Цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылуда. Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100 пайызға жеткізілді, енді мұғалімдер оны тиімді пайдалана білуі қажет», — деді Е. Сағадиев.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді