jasqazaq.kz

Информатика пәні бірінші сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

19 наурыз 2018, 12:27

Мектептерде информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) елдерінде көп бағдарламалар бірінші сыныптап бастап оқытылады. Бізде информатика пәні мектепте бесінші сыныптан бастап оқытылады. Ал биыл үшінші сыныптан басталады.Сонымен қатар 1-5 сыныптарда информатика пәніндегі программалау тілдері қайта қарастырылатын болады. Программалау тілдері тез өзгеріп отырады. Сондықтан біздің балалар ең соңғы программалармен оқуы керек болып тұр», — деді Сағадиев білім беру саласындағы цифрландыру мәселесіне арналған үкімет сағатында.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қазіргі уақытта информатика пәнін бірінші сыныптан оқыту мәселесі қарастырылып жатыр.
«Информатиканы оқытуды бірінші сыныптан бастап енгізу мүмкіндігі бойынша сарапшылармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір жоба жасалып, әрі қарай бұл мәселе қоғам мен мұғалімдермен талқыланатын болады», — деді министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде