jasqazaq.kz

INFINITI Қазақстанда өзінің қатысуын кеңейтуде

26 тамыз 2021, 16:23

Orbis Auto автомобиль тобы Нұр-Сұлтан қаласында INFINITI маркасының ресми дилері мәртебесін алды. Бұдан басқа, Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Orbis автомобиль тобының Nissan дилерлік орталықтары INFINITI-дің ресми сервистік серіктестеріне айналды, бұл оларға осы маркалы автомобильдерді сатуға, техникалық және кепілдік қызмет көрсетуге құқық береді. Сонымен қатар, топ ел астанасында 2022 жылы есігін айқара ашатын заманауи INFINITI автоорталығының құрылысын бастады.

Orbis Auto қазақстандықтар арасында INFINITI-ге деген қызығушылықтың артқанын белгіледі және бренд автомобильдеріне, атап айтқанда, флагмандық модель-QX80-ге деген сұраныстың артуын болжайды, өйткені қазақстандық нарықта үлкен жол талғамайтын көліктер сегментінде тапшылық қалыптасқан.

— INFINITI автомобильдерінің қолжетімділігі, жапондық автоөнеркәсібі бүкіл әлемге әйгілі және ондаған жылдар бойы тұтынушының сенімін жоғалтпайтын сапасы, сондай-ақ luxury-сегменттің бәсекелестері арасындағы ең тартымды баға брендке Қазақстан нарығында рекордтық сатылымға қол жеткізуге барлық мүмкіндікті береді. Біз өз тарапымыздан дилерлік желіні дамытуға инвестиция салуға, брендтің автоорталықтарындағы қызметтердің сапасын арттыруға және клиенттік сервисті жақсарту үшін жұмыс істеуге дайынбыз, — деп Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова түсінік береді.

Бүгінгі таңда Orbis Auto Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран даңғылы, 78 мекен-жайы бойынша орналасқан брендтің фирмалық Pop-Up Store салды, ол жерде автокөлікті ресми сатып алуға, техникалық және кепілдік қызмет алуға болады. Сонымен қатар Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Orbis автомобиль тобының Nissan дилерлік орталықтары INFINITI-дің ресми сервистік серіктестеріне айналды, бұл оларға осы маркалы автомобильдерді сатуға, техникалық және кепілдік қызмет көрсетуге құқық береді.

2021 жылы премиум брендтің модельдік қатары ҚР-да ресми түрде QX80 жол талғамайтын көлік және QX50 кроссовер модельдерімен ұсынылған. 2021 жылдың күзінде қазақстандық нарық жаңа купе-кроссовермен – QX55, ал 2022 жылдың басында — QX60 толықтырылатын болады Қазақстанға жеткізілетін барлық модельдер Жапония мен Американың зауыттарында шығарылады.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2020 жылы INFINITI премиум сегменттегі үлестің өсуі бойынша үздік нәтиже көрсетті (өткен жылдың нәтижелеріне +48%). Бренд күнтізбелік жыл нәтижелері бойынша төртінші және қаржы жылының қорытындысы бойынша үшінші орын алып, премиум-сегменттегі ең көп сатылатын автомобильдердің топ-5-ке кірді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия