jasqazaq.kz

Индонезиялық Boeing 737-500 теңізге құлады (видео)

09 қантар 2021, 19:50

Индонезиялық Boeing 737-500 жоғалып кеткен маңда теңізде ұшақ сынықтары табылды. Бұл туралы СИНХУА агенттігі жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

БАҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, Sriwijaya Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы суға құлаған, қиранды мен адам денелері табылды.

Бұған дейін Индонезияда ұшып шыққанына 4 минут болған соң диспетчерлермен байланысы үзілген ұшақ іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшақ бір минуттан аз уақыт ішінде 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болған.

Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте болғаны жазылды.

https://www.youtube.com/watch?v=DQkrAVATE70&ab_channel=%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%A2%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия