jasqazaq.kz

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

22 қазан 2018, 11:57

Индонезияның Сулавеси аралында болған зілзала және одан туындаған цунами салдарынан келген жалпы залал туралы ақпараттар таралды. Экономикалық залалдың көлемі 911 млн АҚШ долларына жуықтады, деп жазады The Jakarta Post газеті дүйсенбіде елдің Апаттар салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің ресми өкілі Сутопо Нугрохоның айтуынша, бұл — тек алдын ала деректер, бұл сан әлі өсуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Апат салдарынан 68 мың үй қирап, 223 мың тұрғын баспанасын тастап кеткен, жүздеген медициналық, оқу және үкімет ғимараттары үгітіліп түскен. Соңғы деректерге қарағанда, зілзала және одан туындаған цунамиден 2256 адам опат болған, ал зардап шеккендер саны 10,6 мыңнан асты. Құтқарушылардың айтуынша, орталық Палу қаласының маңындағы екі елді мекеннің өзінен 5 мың адам хабар-ошарсыз кеткен. Ал табиғи апат болған аймақта жалпы 4 млн адам тіршілік кешіп жатқан. Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте Индонезияның Сулавеси аралында жер сілкініп, артынша цунами болған. Алғашқы деректер бойынша, апат салдарынан қаза тапқандар саны 30 адамнан кем емес деген ақпарат таралған болатын.

24.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді