
Индонезия президенті Джоко Видодо дүйсенбі күні елде екі адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді.Бұл туралы Kyodo-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Агенттіктің мәліметінше, Индонезияда екі адамның сынамасы коронавирусқа оң нәтиже берген.
«Индонезияға келген жапондық екі адаммен, 64 жастағы анасымен және оның 31 жастағы қызымен кездескен», — деді Видодо.
Сондай-ақ, ол Индонезия билігінің жапондықтың байланысқа түскен барлық адамдарды тестілеуден өткізгенін атап өтті. Таяуда Джакартада болған Жапония азаматынан COVID-19 27 ақпанда табылған. Ол Куала-Лумпурда тұрады, деп хабарлады Видодо.
Бұдан бұрын Индонезия елде ешкімнің коронавирусқа шалдықпағанын мәлімдеген болатын. Жексенбідегі жағдай бойынша, елде 333 адам коронавирусқа тексеруден өткен. Олардың барлығы, тек екеуінен басқасы теріс нәтиже көрсеткен.