jasqazaq.kz

Индонезияда болған цунамидің видеосы тарап кетті

24 желтоқсан 2018, 10:34

Индонезияда жергілікті тұрғындар цунамидің жағажайды шайып өткен сәтін видеоға түсіріп үлгерген. Ол кезде Seventeen музыкалық тобы өнер көрсетіп жатқан, — деп хабарлайды Jakarta Post.

Апат салдарынан музыканттардың бірі және топтың гастрольдік менеджері мерт болған, сондай-ақ, бірнеше адам із-түссіз жоғалып кетті. Ақпараттар бойынша, әншілер бірнеше ұжым мүшесін әлі де іздестіріп жатыр. Олардың қатарында гитарашы, соғымпаз, вокалшының әйелі мен тағы бір адам бар. Видео кадрларында толқын сахнаны, онымен қоса, әншілерді шайып түсіп, кейін көрермендерге беттейді. Айқай-шу естіледі, сосын видео өшіп қалады. Үрей тудыратын кадрлар әлем БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті.

22 желтоқсанда Индонезияның батысындағы Зонд бұғазының жағажайын цунами шайды. Ол Анак-Кракатау аралында жанартау атқылауының салдарынан болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 222 адам қайтыс болған. 843 адам зардап шеккен және 28 тұрғын із-түссіз жоғалған. Толқын жүздеген үй, ғимарат, көлік жолдары мен инфрақұрылымдарды қиратты.

 tengrinews.kz

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер