jasqazaq.kz

Имантау ауылында тасқын су жылыжайды шайып кетті

12 сәуiр 2021, 16:05

Солтүстік Қазақстан облысында шағын өзендердің суы молайып, таси бастады. Возвышенка елдімекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінің деңгейі бір тәулікте 273 см дейін көтерілді.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ғ.Мүсірепов атындағы және Айыртау аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр. Есіл өзенінде де өзгеріс бар. Алайда әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ. «Күннің жылынуына байланысты ағын сулар пайда болып, өзен-көлдерге құйылып жатыр. Су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргіземіз. Елдімекендерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Тек екі автожолдың үстінен су кетті», — дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Рүстем Жұмағалиев. Имантау елдімекеніндегі Змейка өзені еріген қар суымен толығып, арнасынан шықты. Диаметрі 500 мм құбыр суды өткізе алмаған. Салдарынан су жолындағы бір жылыжайды шайып кетті. «Қазір Имантау ауылында су жоқ. Жағдай тұрақталды. Арықтар қазылып, су алқапқа жіберілді. Жалпы барлық аудандарда су басу қаупі бар. Бақылауда ұстап отырмыз. Осы аптада ауа температурасы +15 градуске дейін жоғарылайды. Қазір облыс аумағының 80 %-ында қар жатыр», — дейді Рүстем Жұмағалиев. Сілеті су қоймасы қазіргі уақытта 90 %-ға толған. Ернеуінен асу үшін 59 см жетпейді. Сергеев су қоймасы 91 %-ға толған. Есіл өзеніндегі мұз жарылған жоқ. Осы аптада ауа температурасының жылынуына байланысты мұз жүре бастайды деген болжам бар. Қазір облыстың екі ауданында құтқарушылардың арнайы тобы жұмыс істеп жатыр. Бүгін Уәлиханов ауданына көктемгі су тасқынымен күреске осындай арнайы жарақтандырылған топ жіберіледі. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өңірдің шағын өзендерінде – Иманбұрлық, Ақанбұрлық, Мұқыр, Шарықта су деңгейі күннен-күнге көтеріліп келеді. Бір тәуліктің ішінде Возвышенка елдімекені маңындағы Ақанбұрлық өзенінде су деңгейі 273 см дейін көтерілген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде