
ҚМДБ-ның Алматы облысы Ескелді ауданындағы имамның ісіне байланысты мəлімдеме жасады деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.
«Қазіргі уақытта əлеуметтік желілерде Қадір Əмбияға қатысты таралып жатқан мəліметтерге байланысты ҚМДБ келесі жағдайды мəлімдейді. Əмбия Қадір 2016 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша осы ауылдағы мешітке молда қызметін етағайындалған. 2019 жылдың 30 сəуірінде өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта Қайнарлы ауылдық молдасын қызметін атқару өзге адамға жүктелген. Орын алғаноқиғаның толықмəн-жайы тиісті құзырлы құқық қорғау органдары арқылы тексерілуде» — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Алматы облысында мешіт имамы күйеуі, бала-шағасы бар келіншекті төсекке сүйреп, өлімге душар етті» деген мақала жариялаған болатынбыз.