jasqazaq.kz

Имам 2 баласымен бірге суға ағып кетті

30 шiлде 2018, 11:48

Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында баласын құтқарам деп суға кеткен имамның денесін іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға жексенбі күні Боран ауылында болған. Ауыл имамының 8 жасар баласы Қара Ертіске шомылып жүрген. Қатты ағысқа төтеп бере алмаған бала бата бастайды. Оны құтқаруға 36 жастағы әкесі мен 19 жастағы ағасы да суға секіреді. Куәгерлердің айтуынша, судың ағысына ересектер де төтеп бере алмаған. Салдарынан ауыл имамы екі баласымен бірге суға кеткен. «Қазір тау өзендері тасып жатқандықтан, су лай, ағысы қатты. Өзен бойында иірімдер көп. Құтқарушылар марқұмдардың денесін моторлы қайықпен іздеуге мәжбүр. Сүңгуірлер терең иірімдерге тап болуы мүмкін. Сондықтан іздеу жұмыстары асқан сақтықпен жүргізілуде», — дейді шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының №9 бөлімше басшысы Талғат Нұржанов. Имам мен оның ұлдарын іздеуге ауылдастары да атсалысуда. Жалпы іздеу жұмыстарына 80 адам, 11 қайық жұмылдырылған. Демалыс күндері құтқарушылар үшін мазасыз өтті. Зайсан көлінде 10 күн бұрын жоғалған балықшылардан әлі дерек жоқ. Ал Үржар ауданындағы Сасықкөлден баланың денесі іздестірілуде. Өскеменнің өзінде құтқарушылар 31 жастағы жігіттің денесін Ертістен іздеп жүргелі айға жуық уақыт болды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді