jasqazaq.kz

I’m a singer Kazakhstan байқауының жеңімпазы анықталды

17 желтоқсан 2018, 12:45

Әнші Роман Ким I’m a singer Kazakhstan байқауының екінші маусымында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 желтоқсан күні Роман Ким I’m a singer Kazakhstan 2018 байқауының гранд-финалында Show must go on әнімен топ жарды. Сахнаға шығар алдында Роман Ким әнші Әли Оқаповпен бірге Батырхан Шүкеновтың әйгілі» Қайран көңіл-ай» әнін орындаған болатын. Екінші болып Нұрболат Абдуллин орындаушы Ерген Айтымбетовпен бірге үнді тілінде дуэт орындады. Үшінші қатысушы — Ayree әнші Арай Айдарханмен бірге қазақ тіліндегі «Құсни Қорлан» әнін шырқады. Айта кетейік, жексенбі күні кешке болған байқау қорытындысында «Еуровидение-2016» жобасының жеңімпазы — Жамала (Украина) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қазақ тілінде «Самға» әнін орындап берді. Еске сала кетсек, қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer-2017 байқауында үлкен жетістікке ие болғаннан кейін 31-ші арна I am singer Kazakhstan байқауын өткізе бастаған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде