jasqazaq.kz

Илья Ильин Талдықорғанда сынға түседі

25 тамыз 2018, 15:05

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтеді.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының ақпаратына қарағанда, 28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР жеке командалық чемпионаты өтеді. Жарысқа белгілі спортшылар — Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары қатысады. Олардың ішінде Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және басқалар бар. Сондай-ақ допингке байланысты жарысқа қатысу құқығынан айырылған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да жарыс алаңына шығады. «Аталған турнир осы жылдың ауыр атлетикадағы басты жарысы — Ашхабадта жалауы желбірейтін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі болмақ. Талдықорған тақтайтұғырына ұлттық құрама команданың барлық мүшесі тегіс шығады. Әрине, олардың әрқайсысы әлем чемпионатына баруды көздейді. Сондықтан спортшыларымыз өз бабының қандай екенін қарашада тексеретін болады. Талдықорғанда рекордтар көп бола қоймас деп ойлаймын, себебі Ашхабадқа дейін әлі үш жаттығу жиындары бар. Зілтеміршілеріміз сол жиындарда өз баптарына келуі тиіс. Алайда Жетісу жеріндегі чемпионат қызықты өтеріне күмәнім жоқ» — дейді ҚР ҰҚК бас бапкері Юрий Мельников. Айта кетейік, Qazsport телеарнасы жарыстан тікелей трансляция жүргізуді жүзеге асырады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді